Алматыда фрилансерлер құқығын қорғайтын кәсіподақ құрылды

23.10.2018 21:35

Алматыда шағын және ортаз бизнес өкілдерінің құқығын қорғайтын кәсіподақ құрылды. Өйткені, бұл салада шамамен, 1 миллионнан астам адам еңбек етеді.

Ашылғанына бір ай да болмаған салалық ұйымға қазірдің өзінде 15 мыңнан астам жұмыскер тіркеліп үлгерген. Болашақта кәсіподақтағы жұмыскерлер санын 100 мыңға жеткізу жоспарда бар. Жаңа форматтағы кәсіподақ фрилансерлерге, яғни өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерге де көмек көрсетпек. Мамандар елімізде 2 миллоннан астамды осы топқа жатқызған. Жаңа кәсіподақтың жұмыс барысы тек электронды түрде, ал қарым-қатынас мобильді қосымша арқылы жүзеге асады.  

«Осы салада кәсіподақтың болуы, кәсіподақтың жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс істеуі өте маңызды. Сондықтан біз кәсіподақтарға кіріп, осы жұмысты жандандыруға күш саламыз. Жұмыскерлердің көпшілігі осы орта және кіші бизнеске ауысып жатыр. Ал жұмыскерлердің құқығының қорғалуы қазіргі таңда әлсіз, нашар деп айтуға болады», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Сатыбалды ДӘУЛЕТАЛИН.