Ең үздік имам анықталды. Алматы қаласы Орталық мешітінің қолдауымен өткен «Елтаным» жобасының жеңімпазы белгілі болды.
Бас жүлде Алатау ауданындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы мешіттің бас имамы Мейіржан Құлсымақовқа бұйырды. Барлық ауданнан қатысқан 24 имамнан іріктеу кезеңіне тек 8-і өткен.
Жүлденің жалпы қоры – 1 млн теңге. Шараның мақсаты – салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
«Біздегі үлкен бір мәселе – теріс ағымдар. Қазір қазақтың салт-дәстүрін, сан ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптарын мойындамай, оны керісінше, исламға қарсы қойып жатқан құбылыстар жиі орын алып кетті. Сондықтарн имамдарды білімдерін жетілдіру арқылы, зиянды ілімдердің алдын-алып, халыққа дінді дұрыс түсіндіру үшін біз осы іс-шараны ұйымдастырып жатырмыз», – деді Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқарма басшысы Айдар ЕСЕНБЕКОВ.