Бүгін Алматының кішкентай тұрғындарын Цирк және шоу-балет әртістері тамаша қойылымымен қуантты. Клоунның, ертегі кейіпкерлері мен акробаттардың қатысуымен болған әдемі кешті балаларға қала әкімі Бауыржан Байбек сыйлады.
Жаңажылдық мерекеге қаламыздың озат оқушылар мен аз қамтылған отбасылардың балалары және ата-ана қарауынсыз қалған 1700-дей бала қатысты.
Кішкентай көрермендер Жаңа жылды Суперменмен бірге зұлым күштен құтқару үшін, жұмбақ шешті. Сондай-ақ, балалар үшін лазерлік шоу әртістері де өнер көрсетті. Ал салтанатты кеш соңында Аяз ата көптен күткен алып шыршаның шамын жақты.
«Біздің көңілімізді көтерді, иттер, мысықтар, аюдың велосипед айдағаны ұнады», «Мен циркке көптен бері келмеген едім, бірақ бүгін бәрі тамаша болды. Осындай қызықты көріністерді тағы көргім келіп тұр. Маған қатты ұнады», «Аяз Ата да, барлық кейіпкерлер де ұнады. Кішкентай акробат қыздардың қалықтап ұшқаны да қатты ұнады», деп балалар өз әсерлерімен бөлісті.