Алматыдағы Орталық демалыс бағы қайта жаңарды

Алматыдағы Орталық демалыс бағы қайта жаңарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Орталық мәдениет және демалыс бағы жаңарды. Басқарушы компания қалалықтардың сүйікті демалыс орнын заманға сай жасақтау үшін 1,6 млрд теңге көлемінде қаржысын инвестициялаған. Нәтижесінде, саябақ келбеті өзгеріпті.


Жаңа субұрқақтар жасалып, балалар мен спорт алаңдары салынған. Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңартылған бақ ішін түгелдей аралап көрді. Орталық саябақ аумағындағы жарық бағаналары, асфальт төсеніштері мен жаяужол плиткалары түгелдей жаңартылған. Бұрын көлік тұрағы болған жерде спорт алаңдары пайда болған. Ал жазғы сахнаның шығыс жағында түрлі түсті алма бағымен инсталляцияланған жаңа фонтан нұр шашып тұр. Он жыл көлемінде қаңсып, бос тұрған ескі субұрқақ қайта жасалыпты. Бұл қарқын келер жылы да жалғасын таппақ.

Басқарушы компания өкілдері алдағы жылы саябақта балалардың жаңа қалашығын құруды жоспарлап отыр. Айта кетсек, демалыс орнын жаңарту кезінде Орталық саябаққа апаратын көшелерді де абаттандыру жұмыстары жүргізілді.


Новости партнеров