Орал қаласында жасына қарамастан автокөліктерді ұрлап аты шыққан кішкентай Никитаны мектеп психологтары мен педагогикалық комиссия үйден оқыту туралы шешім қабылдапты, деп хабарлайды tdk42.kz.
8 жасар Николай Керцманға 26-шы мектеп мұғалімдері үйіне келіп сабақ беріп жүр. Айта кетейік, жеткіншек рұқсатсыз 3 көлікті ұрлап басқарып, ата-анасын 1 миллион теңгеден астам шығынға батырған еді.
2018 жылдың 12 тамызында Николай Керцман «Хюндай» көлігін айдап қашып, Штыбы көшесінің бойындағы бетон блокқа соғылған болатын. Бұл оның соңғы әрекеті кезіндегі апат болатын. Жүргізуші шығынды 1 млн.теңге деп бағалаған. Ешкімді бей-жай қалдырмаған оқиғадан соң Никитаның аты шығып, тәртібі білім саласын, тіпті билік өкілдерін алаңдатқан болатын.
Қала әкімдігіндегі кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі кеңеске шақырылған әкесінің көзінше Николай Керцман енді ондай істі қайталамауға уәде етті. Уәдесіне тұрмаса, ата-анасын құқығынан айыру мәселесі қаралатыны қатаң ескертілген еді. Бүгінде мұғалімдер баланы үйден оқыту жөнінде шешім қабылдапты.
Николай қазір қатаң бақылауға алған. Өзіне арнайы педагог тағайындалған. Ал отбасы мүшелері баланың осындай ессіз қадамға баруы үлкендердің үгіттеуінен соң болған оқиға деген пікірде. Баланың әкесі Владимир Керцман баласы соққан көліктердің иелеріне шығынның бір бөлігін төлегенін мәлімдеді. 47 жасар азамат жүрек қан тамыр ауруларынан зардап шегіп, 2 топ мүгедектігін алған.
Естеріңізге салайық, 8 жасар бала бір аптада 3 бірдей көлікті рұқсатсыз айдап кетіп, 1 млн 400 мың теңге көлемінде шығын келтірген болатын.