Алматының Наурызбай ауданында жаңа балабақша ашылды

Алматының Наурызбай ауданында жаңа балабақша ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Алматының Наурызбай ауданында балабақша ашылды.

Мектепке дейінгі мекеме 50 бөбекке шақталған. Дегенмен, қазір балабақшаға 35 бала барып жүр. Бір айға әр ата 25 мың теңге төлейді. Ал 2019 жылдан бастап кезінде коттедж болған бөбекжай «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс қабылдайды. Жаңадан ашылған мектепке дейінгі мекемеде балаға ыңғайлы болуы үшін бар жағдай жасалған.

Айта кетейік, Наурызбай ауданында бас-аяғы 63 балабақша 3300-ден астам баланы қамтып отыр. Жергілікті әкімдік ауданда кезекте тұрған бөбек жоқ дейді. Осылайша, билік басындағылар халықты орталыққа сабылтпай, қажеттіліктерді өз ауданынан тауып беруге мүмкіндік жасап келеді.  

«5 тәрбиеші жұмыс істеп жатыр. 2 аспаз бар. Медицина кабинетінде медбике жұмыс істейді. Бұл барлығы толық заңға сәйкес, СЭС-тің ұйғарымымен ашылған балабақша. Біз бүгінгі күнге дейін 14 балабақша аштық. Енді жылдың соңына дейін 6 балабақша ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре ПІРӘЛИЕВ.

«Менің балам кіші топта. 1,8 айында алып келдім баламды. Оларға қазірше тіл үйретпейді. 3 жастан кейін үйретеді. Бірақ қазір санауды үйретіп жатыр. 5 жасқа дейін қазақша, орысша үйретеді. Барлығы көңілімізден шығып жатыр. Әсіресе, осы жердің қызметкерлері қатты көңілімізден шығады. Өйткені, олар бастысы, балама ұнайды. Демек, қызметкерлері балаға шынайы, мейірімді қарайтын жақсы адамдар болып тұр ғой», – деді Оксана АЯПБЕРГЕНОВА.


Новости партнеров