Қарағанды тұрғыны «Алла» деген жазуы бар жұмыртқа тауып алды (видео)

10.12.2018 21:29

27 жастағы Қарағанды тұрғыны жұмыртқадан «Алла» деген жазу тауып алған деп жазады Nur.kz.

Ойрат Мусин жұмыртқаны дүкеннен сатып алған. Алайда, оларды келіншегі мұздатқышқа қойғанда ешқандай жазу болмапты. Екі-үш күннен кейін жұмыртқаның бірінен «Алла» деген жазу шыққан.

«Үш күннен кейін әйелім жұмыртқаны қамырға қоспақшы болған. Бірақ жазуы бар жұмыртқаны көргенде таң қалдық. Мешіттегі имамға барып көрсетсек, ол «Алла» деген жазу екенін айтты. Осылайша, Жаратушымыз бізге белгі берген болу керек», – дейді Ойрат Мусин.

Айтуынша, өзі аса діншіл емес екен. Бірақ осы жағдайдан кейін түс көрген. Түсінде белгісіз бір дауыс оның алдына түсініксіз әріптегі кітап қойып, «оқы» деп айтыпты. Ендігіде Ойрат жұма сайын мешітке барып, бес уақыт намаз оқуды қолға алатынын жеткізді. Ал жұмыртқаға содан кейін еш тиіспепті.