ШҚО шенеуніктеріне психолог көмегі қажет

15.11.2018 21:30

Әсіресе ШҚО Білім саласын бақылау департаментінің жұмысшылары мемлекеттік қызметкелердің күйбең тірлігіне шыдамсыз болып шықты, деп хабарлайды ustinka.kz.

Кадр тұрақсыздығы, мамандар жетіспеушілігі мен мекемедегі құқықбұзушылықтар салдарынан Департамент ұжымы қиын моральдық-психологиялық күйге түскен. Бұл туралы ҚР Мелекеттік қызмет істері және жемқорлықпен күрес агенттігінің ШҚО бойынша департаментінде өткен Әдеп жөніндегі кеңесте Білім саласын бақылау департаменті басшысының м.а. Гүлмира Кажиева айтты.

«Жағдай қиын. ұжым ішінде туындаған қиын жағдайдың басты себебі – жалпы жұмысшылар саны 8 болса, 5 бос жұмыс орны бар. Қазір барлық бос орындар толып, жағдай оңалды. Бірақ бәрібір қызметкерлермен жұмыс жасау үшін психолог шақырғым келеді», - деді ол.

Алайда Қоғамдық кеңес мүшелері Гүлмира Қажиеваның бастамасын күмәнмен қарады.

Тіпті «ШҚО Талдау және болжау институты» ЖШС директоры Олег Чернышов жалпы департаменттің облысқа қажет екеніне күдік келтірді.

Ал ШҚО Мәслихат хатшысы Владимир Головатюк бұл тек жауапкершілікті біреудің мойнына арта салу деп түсінді.

«Жұмыстағы қиындықтар мен мәселелер басшының біліксіздігінен туындайды», - дейді Владимир Головатюк.

Бізде облыста бір бөлімдерде 40 адамнан жұмыс істейді. Бұндай мәселелер туындаған емес. Меніңше, психолог көмегі жауапкершілікті өзгеге арта салуға ұқсайды.