Алматыда Жандосов көшесі бойындағы көпірді қайта жасау жұмыстарына орай көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматыда 2018 жылдың 10-30 қазаны аралығында Жандосов көшесінің батыс бағыт бойынша автокөлік қозғалысы шектеледі.
«Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін Жандосов көшесі бойындағы көпірді қайта жасау жұмыстарына орай 2018 жылдың 10 - 30 қазаны аралығында батыс бағыт бойынша автокөлік қозғалысы шектеледі. Жандосов көшесінің оңтүстік бетінде екі бағыт бойынша уақытша көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.