Алматының «Ақбұлақ» шағынауданындағы арық мәселесі шешімін тапты

31.10.2018 21:32

Алматының Алатау ауданында 120 метрлік арық жүйесі жасалды.

«Ақбұлақ» шағынауданының тұрғындары жаңа арық жүргізу мәселесін қалалық «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында көтерген болатын. Жергілікті халық күз-көктемде жаңбыр жауғанда ауламызды су алып, батпақ кешіп жүреміз деп шағымданған. Жұрттың жанайқайына мамандар құлақ асып, тез арада арық жүйесін жасап берді.  

«Жаңбыр жауған сайын бізде ауланың бәрін су басып қалатын. Біздің арығымыз ылғи бітеліп, жұмыстың ары қарай жалғасы болмады. Рысқұлов көшесіне дейін келіп тіреледі де, ары қарай ақпайтын. Судың бәрі көлкіп, осы жерде жиналатын. Биыл міне, арық ары қарай жалғасын тауып, Орталық мұрағатқа дейін ұзартылды», – деді Ролан МУСИН.