«Алматы» арнасында көрсетілген телесериалдың саундтрегі жарық көрді

20.12.2018 21:33

«Алматы» арнасында көрсетілген «Между небом и землёй» телесериалының саундтрегі жарық көрді.

Кеше түсірілім тобы мен киноға түскен әртістер саундтректі тамашалады. Әнді белгілі эстрада жұлдыздары Кентал мен Луина орындайды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігінің тапсырмасымен жарыққа шыққан фильмнің режиссері – Андрей Авдеев. Басты рөлді белгілі актриса Бибігүл Ақтан, Ерболат Тоғызақов, Кентал сынды әртістер сомдайды.

Кино Айдана есімді тәуелсіз қыздың өмірі жайында. Ол түрлі кедергілерге, қиындықтарға тап болады, отбасылық мәселелер туындайды. Сандық бағдарламаға негізделіп түсірілген сериал 15 бөлімнен тұрады.

«Барлығы өте талантты. Команда түсірілім кезінде жақсы жұмыс жасады. Өкініштісі, бүгін команда мүшелері түгел келе алмады. Мен фильмді түсіруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін, маған сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын», – деді «Между небом и землей» сериалының режиссері Андрей АВДЕЕВ.

«Кәдімгідей ауылда бір айдай тұрдық. Жайлауға шықтық. Түсірілім болды. Күннің астында қалып, ауырған кездеріміз болды. Қиыншылық та болды. Жақсы, қызықты оқиғалар да болды», – дейді актер КЕНТАЛ.