|
05.11.2018 | 16:34
1517

Қол-аяғы байланған полицей кепілге алынған қызды қылмыскерден құтқарып қалды - видео

Қол-аяғы байланған полицей кепілге алынған қызды қылмыскерден құтқарып қалды - видео

Қытайдың Хэнань провинциясындағы Лохэ қаласында полиция қызметкері байланып тұрғандай кейіп танытып, кепілге алынған қызды құтқарып қалды. Бұл туралы New China TV басылымы хабарлады.

Желіде тараған видеода қылмыскердің қыздың мойнына пышақ тақап, оны да, өзін де өлтіретінін айтып сес көрсеткені байқалады. Сонымен қатар, ол полицейлерден өзіне жақындамауын талап еткен.

Келіссөз барысында тәртіп сақшыларының бірі, полиция арнайы жасағының капитаны Ванг Пэй қылмыскерден қыздың орнына өзін кепілге алуын сұрады. Ол ер адамды тыныштандыру үшін, өзінің қол-аяғын байлап қоюына болатынын айтқан.

Осылайша, қылмыскердің жанына келген Ванг қол-аяғындағы жіпті шешіп жібберіп, оған тап берді. Өз кезегінде әріптестері полицейге көмекке келіп, қылмыскерді қарусызнадырды.

Операция барысында полиция қызметкері жарақат алды. Ал кепілге алынған қыз зардап шеккен жоқ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир