|
27.12.2018 | 16:55
3448

Алматыда тағы бір автобус бағыты жаңарады

Алматыда тағы бір автобус бағыты жаңарады

Алматыда Жаңа жыл қарсаңында нөмірі 141-ші бағыттағы автобустар жаңартылды. Қоғамдық көліктермен қала әкімі Бауыржан Байбек танысты.

Жаңа автобустардың ұзындығы 12 метр, олардың барлығы кондиционерлермен жабдықталған әрі Евро-5 экологиялық санатына сай. Жаңа көліктер биылғы жылдың 30 желтоқсанында жолға шығып, Айнабұлақ ықшамауданы мен «Мост» аялдамасының арасын қамтиды.

Айта кетейік, бағыттың барлық жүргізушілері бірыңғай жаңа форма киген. Жалпы, биыл қала бойынша 479 жаңа автобустар алынса, келер жылы олардың саны 600 автобуспен толығады. Олардың басым бөлігі бюджеттен тыс қаржы есебінен сатып алынуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін BRT желісі аялдамаларында пайда болған алғашқы электронды таблолардан бағыт нөмірі мен қоғамдық көліктің аялдамаға қай уақытта жететіні туралы хабар алуға болатындығы айтылған еді. Бұл жоба да жеке инвесторлар есебінен жүзеге асуда.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир