Полиция істі жауып тастады: Қазақстандық қыз өзін отбасының досы зорлап, пәктігінен айырғанын айтты

10.01.2019 21:35

Алматы облысының Ынтымақ ауылында 27 жастағы Сәуле есімді қыз өзін зорлап кеткенін айтты. Ал, полиция бұған қатысті істі жүргізбей тоқтатып тастаған.

Сәуленің айтуынша, оқиға 2018 жылдың мамыр айының 18-нен 19-на қараған түні болған, деп жазады Sputnik.

Бұл түні бойжеткен үйінде жалғыз қалады. Осы кезде үйге 11 жыл көрмеген танысы келеді. Абдумасат есімді азамат олардың отбасылық досы еді. Ата-анасы өз баласындай көрген. Ол үйге кіргізуін сұрайды. Дүкеннен тәтті заттар мен сыра әкеліп ішеді. Сәлден кейін Сәуле ұйқысы келгендіктен киімін шешпестен диванда ұйықтап кетеді. Өзін шешіндіріп жатқан кезде оянып кетеді.

Сәуле өзін Абдусаматтың шешіндіріп, зорламақ болғанын түсініп, қарсыласа бастайды. Алайда, жігіт оны ұрып-соғып бірнеше рет зорлайды. Кейіннен қинап сыра ішкіздіреді. Сәуле ішімдік іше алмайтын болған соң бір-екі рет қана ұрттағанын айтты.

Оқиғадан соң Сәуле өзге бөлмеге кіріп, әкесіне хабарласып өзін зорлағанын айтады. Әкесі бұл уақытта полиция шақырып үлгерді.

Полициядан Сәулеге хабарласқанда тұтқаны Абдусамат көтеріп, әйел даусымен Сәуленің атынан сөйлесіп, өзінде бәрі жақсы екенін айтады.

Полицейлер келіп Сәуледен жауап алғанда, олар ұялғанынан бәрін ашық айта алмадым деп отыр. Ал, Абдусаматқа протокол толтырмаста бөлімшеге Сәуле екеуін бірге әкеткен.

Сәуледен саусақ ізін алып, алкоголь ішімдігіне тексереді. Алайда одан ішімдік ішкені расталмайды. Ертесі дәрігерге қаралуға жібереді.

Сәуле өзін зорлаған соң 2-3 күн қан кетін жүргенін айтты. Кейін сараптама бойынша, қыздың денесінде көгерген іздер бары және пәктігінен айырылғаны расталған. Алайда 15 шілдеде айғақ жеткіліксіздігінен іс жабылды.

Осыдан соң бойжеткен «НеМолчиKZ» қозғалысының жетекшісі Дина Смаиловаға мән-жайды баяндайды. Дина Смаилова Іле аудандық полиция қызметкерлерінің салғырттығын айтып, Алматы облыстық полиция департаментінен қылмыстық істі жүргізуді талап етті. Департаменттің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты кейінірек пікір білдіреді.