Доллар бағасы тағы көтерілді

26.12.2018 21:39

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 378 теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Ұлттық валюта бағамы 375-378 теңге аралығында болды. Өз кезегінде KASE қор биржасының таңғы саудасында 374,06 теңгемен өтті.

Сауданың жалпы көлемі 100,65 миллион долларға жетті. Астана уақытымен 15.50-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 50,96 доллар болды.



Теги: торги