Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы зиялы қауым көптен күткен бастама. Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтындағылар Президенттің жаңа мақаласын талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Ғалымдарды түркітану, алтайтану, этимология салаларына мемлекеттік тұрғыда мән беріліп жатқаны қуантады. Осы орайда, аталған институт мамандары «мәдениетіміз пен тарихымызды зерттеуге бағытталған жобалар әзірлейміз» деп отыр. Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болған бұл мақала ұлттық құндылықтарымызды жаңа деңгейге көтеруге сеп болады деп сенеді.
«Шынында да, қазақтың даласы адамзаттық деңгейде, әлемдік деңгейде көптеген ең бір іргелі мәдени, тарихи технологиялық феномендердің басы болған. Сондықтан осы бағыт бойынша біз қуана-қуана түркітануға, алтайтануға, көне тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеуге тілдік тұрғыдан жобалар дайындап ұсынамыз және ол жобаларды жүзеге асыруға білек сыбана кіріспекпіз», – деді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден ҚАЖЫБЕК.