|
08.11.2018 | 16:46
1498

Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды

Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды

Тәжікстанның солтүстігінде орналасқан Худжанд қаласындағы қатаң режимдегі колонияда болған бүлік салдарынан екі офицер, колония және арнайы күштер қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Хабарламада тағы алты құқық қорғаушының жарақат алғаны және 25 тұтқынның көз жұмғаны туралы жазылған.

«Бүлік кезінде екі офицер өлді, алты күзетші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды… Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», — деді агенттікке сұхбат беруші.

Мұнымен қатар, хабарламада Согда облысының құқық қорғау органдарының күшейтілген режимге өткені туралы жазылған.

Худжандтың барлық жолында және Өзбекстан мен Қырғызстанға баратын барлық тасжолда тексеріс күшейтілді.

Осы уақытқа дейін бейсенбіге қараған түні тұтқындағылардың Тәжікстанның солтүстігінде орналасқан қатаң режимдегі түзету колониясында бүлік шығарғаны туралы хабарланды.

Дереккөзіндегі ақпарат бойынша, дабылдан кейін Согда күштері жүйесінде бүлікті тоқтату үшін арнайы күштер жұмылдырылып, нәтижесінде ол тоқтатылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир