Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады

коллаж Almaty.tv
коллаж Almaty.tv

Бұл айда 8 демалыс күні бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан бес күндік жұмыс аптасындағылар тек сенбі және жексенбі күндері демалады, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл айда 8 демалыс және 22 жұмыс күні бар. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 4 демалыс, 26 жұмыс күні бар.

Сонымен қатар, қыркүйекте кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, бұл күндер аталып өтіп, оларға қатысы бар азаматтарға құттықтау айтылады.

Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының редакциясында жарияланған. Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілген.

1 қыркүйек – Білім күні;

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні;

6 қыркүйек – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні (қыркүйектің бірінші жексенбісі);

13 қыркүйек – ҚР Отбасы күні (қыркүйектің екінші жексенбісі);

20 қыркүйек – ҚР Аналар күні (қыркүйектің үшінші жексенбісі);

27 қыркүйек – Еңбек күні (қыркүйектің соңғы жексенбісі), – Машина жасаушы күні (қыркүйектің соңғы жексенбісі);

28 қыркүйек – Атом саласы қызметкерлері күні;

30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні.

БҰҰ КҮНТІЗБЕСІ

5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күні;

7 қыркүйек – Ашық аспан үшін таза ауа халықаралық күні;

8 қыркүйек – Халықаралық сауаттылық күні;

9 қыркүйек – Білім беруді шабуылдардан қорғаудың халықаралық күні;

10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні;

12 қыркүйек – БҰҰ-ның Оңтүстік – Оңтүстік ынтымақтастығы халықаралық күні;

15 қыркүйек – Халықаралық демократия күні;

16 қыркүйек – Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні;

18 қыркүйек – Еңбекақының тең төленуінің халықаралық күні;

20 қыркүйек – Студенттік спорттың халықаралық күні;

21 қыркүйек – Халықаралық бейбітшілік күні;

23 қыркүйек – Халықаралық ымдау тілдері күні;

26 қыркүйек – Дүниежүзілік теңіз күні; Ядролық қаруды толық жою үшін күрестің халықаралық күні;

27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні;

28 қыркүйек – Дүниежүзілік құтырумен күрес күні; Ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізудің халықаралық күні;

29 қыркүйек – Азық-түлік өнімдерінің ысырабы мен қалдықтары туралы ақпарат тарату халықаралық күні.

Оқи отырыңыз: Алматыда 24-30 тамыз аралығында ауа райы қандай болады