|
27.11.2018 | 16:47
2641

Алматының Медеу ауданындағы 100 аула келесі жылы күрделі жөндеуден өтеді

Алматының Медеу ауданындағы 100 аула келесі жылы күрделі жөндеуден өтеді

Келер жылы Медеу ауданында 100 аулаға күрделі жөндеу жасалады. Осылайша, аудандағы барлық аула толықтай жайлылықпен қамтылмақ.

Аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың берген есебіне сәйкес, 2,5 жылдың ішінде 300 ауланы абаттандыруға 4 миллиард теңге қаражат жұмсалыпты. Жөндеу жұмыстары тек аулаларда ғана жасалып қоймай, ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген 60 үйдің қасбетттері де жаңартылған. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 70 миллион теңге қарастырылған.

«Жаңартылған алпыс үй Достық, Назарбаев, Абай даңғылдары, Сәтбаев, Қажымұқан, Әйтеке би көшелерінде орналасқан. Ал «Аймақтарды дамыту-2020» бағдарламасы аясында 47 көпқабатты үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды. Келер жылы осындай 50 үйді жаңартуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, аудан бойынша 712 көпқабатты үй бар», – деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир