Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында визалық режим жеңілдеуі мүмкін

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында визалық режим жеңілдеуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мен көрші елдер арасындағы ынтымақтастық және дипломатиялық байланыс күшейеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдің жаңадан тағайындалған өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдап, бес елдің елшілерін жаңа қызметімен құттықтады. Олар: Испания патшалығы, Словакия, Қытай, Израиль мен Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшілері.

Басқосуда Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында визалық режимді жеңілдету жөніндегі мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, былтыр ел экономикасының өсімі 4 пайызға жетіп, әлемдік орташа көрсеткіштен асқанына тоқталған Мемлекет басшысы елімізге шетелден тартылған инвестиция көлемі 300 миллиард долларға жеткенін атап өтті. Ресми шарада Қазақстан Президенті Жолдауы аясында айтылған он нақты міндетке шетелдік инвесторлар мен кәсіпорындарды да қатысуға шақырды.

«Сіздердің қызметтеріңіз ел дамуының маңызды кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Стратегиялық бағытымыз Қазақстанды әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосу. Осыған орай, қажетті бағдарламалар қабылданып, кешенді реформалар жүзеге асып келеді», – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


Новости партнеров