|
26.09.2018 | 16:51
2471

Алматыда зейнеткерлер 3 жыл күткен аулаға асфальт төсеу мәселесі шешілді

Алматыда зейнеткерлер 3 жыл күткен аулаға асфальт төсеу мәселесі шешілді

Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясы Әуезов ауданындағы нөмірі 58, 59 үй тұрғындарының арызын қабылдап, көгалдандыру және аулаға асфальт төсеу мәселесін шешіп берді.

Зейнеткерлер үш жарым жылдан бері арызын арқалап, талай мекеменің есігін қаққан. Үй ауласындағы көліктер тұрғындардың мазасын алып, жолда жүруге кедергі келтірген. Ал асфальт төселгелі тұрғындар Алтынсарин даңғылына емін-еркін шығып жүргендерін айтты.

Қоғамдық қабылдауда қаралған мәселені мәслихат депутат Ерболат Қасымов қолға алып, бір жарым айдың көлемінде нәтиже шығарған.  

«Осы ықшамауданның тұрғындары арыз жазған қоғамдық қабылдауына, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалына осы кіре берісті жасап берсеңіздер деген өтініш түсті. Біз бір жарым ай ішінде өз қаражатымыздан 2 миллион теңгедей қаржы бөліп, 90 метрдей жол жасап бердік. Енді өздеріңіз көріп тұрғандай, тұрғындардың арызы бойынша нақты шешім қабылдап, өтініштерін орындап бердік», – деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ерболат ҚАСЫМОВ.

«Үш жарым жыл осы жолды жасатуға күш салдық. Ақырында биылғы жылы қол жеткізіп отырмыз. Қала әкіміне, Әуезов ауданының әкімдігіне және осы істің басы-қасында жүріп, мәселенің шешілуіне бар күшін жұмсаған азаматтарға тұрғындардың атынан алғыс білдіремін!», – дейді Светлана БУКЕЕВА.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир