Алматының үздік ұстазы анықталмақ

20.11.2018 22:20

Алматының үздік ұстазына көлік сыйға берілмек. Мұғалімдер арасында Қасыл Қатықбаева атындағы «Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі» қалалық байқауының бірінші кезеңі өтті.

Байқауға қатысуға 8 ауданнан 100-ге тарта мұғалім өтініш білдірген. Арасынан оқ бойы озып шыққан 23 ұстаз, 3 кезең бойынша бақ сынайды. Алғашқы кезеңде қатысушылар қазылар алқасына педагогикалық тұжырымдамаларын ұсынды. Байқау жеңімпаздары желтоқсан айында анықталады. Сонымен қатар, жүлделі орыннан көрінген жеңімпаздарға шетелге отбасылық демалысқа жолдама беріледі.

«Бүгінгі байқау – ұстаздардың арасында ұстаз беделін көтеруге, осы жолдауға тікелей байланысты қосылған үн. Қаламыздың бүкіл мектебінен осы байқауға қатысқысы келген ұстаздардың кейбіреуі өздері ниет білдірді, кейбіреуі аудандық байқаудан озып шығып, осы қалалық байқауға келіп отыр», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл МИРАЗОВА.