Ақорда Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Президенті биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін «Азия-Еуропа» форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысады.