Астана әуежайының кеден басшысы парамен ұсталды

Астана әуежайының кеден басшысы парамен ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана әуежайының кеден басшысы парамен ұсталды. Ұлттық бюро Астана қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары мен «Әуежай Астана» кеден бекеті басшысын зергерлік бұйымдар контрабандасымен ұсталғанын хабарлады. Бұл іске аталған бөлімнің бас маманы да қатысы бар дейді ведомство өкілдері.

Күдіктілер зергерлік бұйымдарды контрабандалық жолмен әкелгендерді кеденнен кедергісіз өткізу үшін пара алған. Сонымен қатар, тағы екі судья пара алғандары үшін күдікке ілінді.  Өскемен қаласының судьясы сотталған жанның өтелмеген жазасын жеңілдету үшін ақша алса, Қостанай облысы Әулиекөл аудандық соты судьясының орынбасары азаматтық іс бойынша атқару парағын беру үшін қаржы талап еткен. Екеуіне де қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Олар зергерлік бұйымдарды контрабандалық бұйымдарды тасымалдау бойынша кедендік бақылауды жүзеге асырмау үшін жеке тұлғалардан пара алды деп күдіктелуде. Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна БАСТАРОВА.

Агенттікте екі апта бұрын 37 мың АҚШ доллар парамен ұсталған Мәдениет және спорт министрлігінің шенеунікітері туралы да айтылды. Мамандар қомақты соманы мердігерлік ұйымнан мемлекеттік тапсырысты жасасу мен «қамқорлық» үшін алған. Ведомствоның жауапты хатшысы Қуатжан Уәли бостандыққа 6 миллион теңге кепілмен жіберілген. Ол қызметінен уақытша шеттетілді. Осы былыққа қатысы бар деген күдікке ілінген әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев болса үй қамақта. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.  



Новости партнеров