Алматыны қатқыл қалдықтан тазартуға экологтардың өздері кірісті. Қаланың басты тазалық сақшылары өткен демалыста сенбілік жасап, Баум тоғайын қоқыстан арылтты.
Мамандар бақ ішінде қураған бұталарды жиып-беріп, ағаш түптерін қопсытты. Ал жасыл желекке ерекше күтім көрсетілді. Бас-аяғы, 60 адам жұмылдырылған тазалық шарасында бақтан 8 КамАЗ күл-қоқыс шығарылды. Жалпы, қала экологтары бұған дейін 8 саябақты тазартып үлгеріпті және бұл жұмыстар күнделікті атқарылмақ.
«Жыл басынан бері 3505 хаттама толтырылып, 57 млн 900 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Қала аумағының тазалығын қадағалау барысында көріктендіру ережесіне сәйкес келмейтін 48 альбом фотослайд ретінде жасалды. 2018 жылдың басынан бастап қыркүйек айына дейін Қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімі», – деді Алматы қаласы Қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің басшысы Қайрат ТОҚТАСЫНОВ.