Атырау облысында жол апатынан әйел 6 айлық сәбиімен бірге қаза тапты

23.11.2018 22:02


Атырау облысында екі көлік қақтығысып, балалы әйел көз жұмды. Одан бөлек 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды stan.kz.

Оқыс оқиға Доссор-Макат тасжолында болды. Оқиға орнында 27 жастағы әйел мен 6 айлық баласы мерт болды. Одан өзге алты адам зардап шекті. Олар әр түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Тергеу «Көлік құралын басқарушы адамның жол ережесін бұза отыра абайсызда екі не одан көп адам өліміне әкелу» бабы бойынша жүруде.