|
19.10.2018 | 10:00
4048

Танымал ақын Абдрахман Асылбеков өмірден озды

Танымал ақын Абдрахман Асылбеков өмірден озды

Белгілі ақын, көптеген өлеңдердің авторы Абдрахман Асылбеков өмірден озды. Бұл туралы Мейрамбек Бесбаев жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Бүгін ақын Абдрахман Асылбеков ағамыз дүниеден өтті. Алла алдынан жарылқасын. «Бозторғаймен» көкке самғатқан ағамның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», – деп өкініш білдірді Мейрамбек.

Айта кетейік, Абдрахман Асылбек 1938 жылы Жамбыл облысы Талас ауданының Үшарал ауылында дүниеге келген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мектепте мұғалім, әр жылдары газет-радиоларда, отандық баспаларда жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінде бас редакторы болған, одан бертін бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир