Алматыда тұрғын үй бағасы қымбаттады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа бағасы 418 700 теңге болып тұр, деп хабарлайды Baq.kz сайты kn.kz сараптамалық қызметіне сілтеме жасап.
Бір апта ішінде тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы 2%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ тұрғын үйдің де орташа құны 1,4% қымбаттады.
Нарық мониторингі қазіргі уақытта Алматыдағы пәтер бағасы орташа есеппен, 35,004 млн теңге екенін көрсетті. 1 бөлмелі пәтердің орташа бағасы 14 277 000 теңге болса, 2 бөлмелі пәтердің орташа бағасы 22 936 000 теңге. 1 және 2 бөлмелі пәтердің орташа бағасы 4%-ға қымбаттаған.
«Қымбат» тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің орташа бағасы 603 000 теңге болса, «арзан» тұрғын үйлердің шаршы метрінің орташа бағасы 309 000 теңге.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47