Астанада қонақүйден ҰҚК қызметкерінің өлі денесі табылды

16.10.2018 22:08

Астанадағы «Аланда» қонақ үйінен ҰҚК қызметкерінің өлі денесі табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған, деп хабарлайды Sn.kz.

«Астана қалалық ІІМ тергеу бөлімінің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылы, 33 үйде орналасқан «Аланда» қонақ үйінің 615-бөлмесінде таңғы сағат 9:35-те денесі скочпен оралып, кісен салынған ҰҚК қызметкері өлі табылды. Марқұм түнгі сағат 02:30-де жұбайына қоңырау шалып, маңызды кездесуде болатынын, отбасын қатты жақсы көретінін айтқан», – делінген хабарламада.

Астана қалалық ІІД қандай да ақпарат беруден бас тартты. Ресми хат жолдауды сұрады.

Ал қонақ үй қызметкерлері «бұл сұраққа тек басшылық жауап бере алады» деп қысқа қайырды.