Қыздар университетіне «Ұлттық» статусы берілді

03.01.2019 в 22:08

Қыздар университетіне «Ұлттық» статусы берілді. Бұл туралы оқу ордасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қыздарға ғана білім беретін жоғары оқу орнының еліміздің білім саласы тарихында алатын орны бөлек. Педагогикалық университет 75 жылға жуық уақыт ішінде 60 мыңнан астам білікті маман даярлап шығарды.

«Жаңа жыл қарсаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының жарлығымен университетке «ұлттық» деген мәртебе берілді. Бұл өзінің 75 жылдығын тойлағалы тұрған университет үшін баға жетпес үлкен сый болды. Ұлттық деген мәртебенің өзінің үлкен жауапкершілігі бар. Енді алда үлкен жұмыстар күтіп тұр, жоспарланып отырған жұмыстар әлі алда», – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департамент директоры Жаңагүл СҰЛТАНОВА.