Жауын-шашын мен қатты жел: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

Жауын-шашын мен қатты жел: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы күндері қатты жел соғып, көктайғақ болады, тұман түседі. Оңтүстіктегі таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

«Қазгидромет» РМК республиканың бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Ертең Түркістан облысында күндіз ауа райы – жауын-шашынды. Тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін барады. 

Дәл сол күні Шымкентте де жауын-шашын болжанып отыр. Тәулік бойы соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 25 м/с дейін күшейеді. 

Түркістан қаласында да қатты жел тұрады (екпіні 25 м/с). 

Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады деп ескертті синоптиктер.

15-16 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, ал екпіні ертең күндіз және 16 қаңтарда түнде 23-28 м/с дейін барады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Сондай-ақ, қатты жауын-шашынға байланысты 15-16 қаңтар күндері Жамбыл, Түркістан және 16 қаңтарда Алматы облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.



Новости партнеров