Алматыда әуесқой жүзушілер арасында халықаралық жарыс өтті

22.10.2018 22:10

Алматыда жүзуден жарыс өтті. Спортшылар Қазақстан кубогын сарапқа салды.

Дүбірлі додаға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Въетнам, Ресей, АҚШ және Литва сияқты 7 мемлекет қатысты. Бас жүлде алматылық командаға бұйырған. Жарыста 135 спортшы бақ сынады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, аталған жарысқа қатысамын дейтіндер жыл санап көбейіп келеді.  

«Біздің жарыс жыл сайын дамып келеді. Алғашқы жылдары 3 команда қатысса, енді қатысушы командалар саны да арта бастады. Биылғы жарыстағы ең үлкен спортшының жасы 85-те. Бұл әуесқойлар арасындағы сайыс болғандықтан, мұнда 18 жастан асқан кез келген адам бағын сынай алады», – деді ҚР жүзу шеберлері федерациясының президенті Александр РОМАНОВ.