Алматылықтар ажырасуды жиілетіпті. Биыл қаңтар-тамыз айларында азаматтардың хал актілерін жазу органдары 18 мың неке тіркеген, алайда, 4 700 неке ресми түрде бұзылған.
Өткен жылғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, шаңырақ көтергендер саны 2,3 пайызға кемісе, ажырасқандар саны 9,1 пайызға өскен. Есепшілер қуанышты хабармен де бөлісті: алматылықтар саны өскен екен.
Ресми дерек бойынша қала халқының саны 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 1 миллион 839 мың адам. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 3,2 пайызға артық көрсеткіш. Республикадағы халықтың жалпы саны бойынша алматылықтардың үлесі 10 пайызды құрап, Алматы және Түркістан облыстарынан кейін үшінші орынға тұрақтаған. Ал Алматы халқының нақты саны келер жылы өтетін халық санағынан кейін белгілі болады. Ол 2009 жылғы санақта айқындалмақ.
«2019 жылдың қараша айында өтетін халық санағы интернетті пайдаланып толтыру және планшет көмегімен сұрау әдісі арқылы жүзеге асырылады. Санақ қорытындысы бойынша 1 желтоқсаннан 9 желтоқсанға дейін жиналған ақпаратты тексеру мақсатында сауалнамаға қатысқан халықтың бақылау кезеңі өткізіледі», – деді Алматы қаласы Статистика департаментінің басшысы Бағлан ҚАРҒҰЛОВ.
Сурет / yvision.kz