Маңғыстау облысында «Жыл адамы» таңдалды

Маңғыстау облысында «Жыл адамы» таңдалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысында «Жыл адамы» таңдалды. Байқаудың жүлдегері арасында журналистер, кәсіпкерлер мен шаруалар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және спортшылар бар. Жалпы саны 19 адам үздіктер қатарынан көрінді.

«Үздік Жыл адамы» байқауын Ақтау биыл 12-ші рет өткізіп отыр. Бұл жолы да өз саласының білікті мамандары да іріктеліп алынған екен. Осындай ерекше сыйлық иегерінің бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінің оқытушысы Бибайша Нұрдәулетова. Биылдың өзінде бірнеше ғылыми жұмыстар жасадым дейді марапатқа ие болған ғалым.

«Маңғыстаудың материалдық және материалдық емес тарихи мұралары деген үлкен кешенді экспедицияның ғылыми үйлестірушісі болдым. Осы экспедиция барысында біз бірнеше археологиялық қазбалар орындадық. Бірнеше этнографиялық экспедициялар жасадық. Конференциялар өткіздік. Баяндамалар оқыдық сол коференцияларда. Талқыладық. Міне, осы сияқты жұмыстарым нәтижесі бағаланды деп есептеймін», – деді «Жыл ғалымы – 2018» сыйлығының иегері Бибайша НҰРДӘУЛЕТОВА.

Байқаудың 19 аталымы бойынша 19 адам іріктеліп, марапатталды. Олар: мұғалімдер, тәрбиешілер, кәсіпкерлер, құтқарушылар, полицейлер және өзге де кәсіп иелері. Бәрі де өз саласының майталмандары. Мұндай марапат алу ойымда болған емес дейді Жыл полицейі.

«Өмірімде бірінші рет осындай марапатқа ие болып отырмын. Осы қуанышты жайтты естіген кезде ерекше толқыдым. Басшылыққа көп рахмет. Осындай жетістіктерге жеткізген ата-анама да алғыс білдіргім келеді», – деді «Жыл полицейі – 2018» сыйлығының иегері Алмат СӘМЕШОВ.

Маңғыстау облысының әкімі сый-құрметке ие болғандардың барлығын құттықтап, дәрігерлердің мәртебесін биікке көтеру керектігін баса айтты. Сондықтан мұндай марапатқа алдымен ақ халатты абзал жандар лайықты екенін де жеткізді.

«Адам өмірінен қымбат бұл өмірде ештеңе жоқ екенін барлығыңыз жақсы білесіздер. Дәрігерлердің қай-қайсысына болса да көмек көрсетеді деп мен кәміл сенемін», – деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы ТОҒЖАНОВ.

Жүлдегерлерге естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Аймақ әкімі Ералы Тоғжанов «Бәйтерек» бейнеленген естелік кубокті Маңғыстау жастарына тапсырды. Бұл кубок Елбасы бастамасымен «Жастар жылы» басталғанын білдіреді.


Өмір Әнуарбек, «Алматы» телеарнасы





Новости партнеров