Алматыда әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті.
Бүгін 50 азамат Іле ауданы Жетіген ауылындағы әскери бөлімге жіберілді. Салтанатты шараға Алматы қаласының Қорғаныс істер жөніндегі департамент басшысы мен ардагерлер және сарбаздардың ата-аналары қатысты.
«Күз айында Қарулы күштер қатарына және басқа даәскери құрылымдарға 1,5 мыңдай әскери шақыру жіберіледі. Олар барлық Қазақстанның түкпір-түкпіріне кетіп жатыр. Әрбір осындай әскерге шақырушыны салтанатты түрде шығарып салдық. Өйткені, Отан алдындағы борышын өтеу өте қасиетті іс», – деді Алматы қаласы Қорғаныс ісі жөніндегі департаментінің басшысы Амантай ӨСЕРБАЕВ.