Дәрігерлер қателесіп әйелдің сау бүйрегін алып тастады

02.11.2018 22:24

Дәрігерлер қателікпен науқастың сау мүшесін алып тастады. Қазір дәрігерге қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды stan.kz.

Оқиға 2016 жылы сәуір айында Флоридада болған. Науқас әйел омыртқасы зақымданып, ота жасатуы керек болған.  Хирург Рамон Васкез  науқастың арқасының төменгі жағын кесіп, жамбас қуысында ерекше затты көреді. Оны қатерлі жара деп ойлап, тез арада алып тастайды.

Бір айдан кейін алып тасталған заттың науқастың сау бүйрегі болғаны анықталды. Науқастың ағзасы ауырғандықтан бүйрегі жамбасына қарай түсіп кеткен екен.

Енді дәрігерге айыппұл салмақ. Оны медициналық қызметіне айыруы мүмкін. Хирургтің адвокаты емхананың кінәлі екенін айтады. Дәрігерге бұл жайлы ескертпеген. Науқастың бүйрегінің төмендеп кеткені отаға дейінгі түскен томография кезінде белгілі болған.