«Отбасыңда асыранды қызсың ба?» Мұғалім жыртық киім кигені үшін оқушы қызды жылатып тастады (видео)

12.11.2018 22:26

Орыс тілі мүғалімі киіміндегі жыртық үшін оқушы қызды жерден алып, жерге салды. Бұл оқиғаны өзге оқушылар видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды stan.kz.

Видеода мұғалімнің сөзі анық естіледі.

«Сенің ата-анаң бар ма? Ата-анаңның есі дұрыс па? Әлде сенің есің дұрыс емес пе? Отбасыңда асыранды қызсың ба?», – дейді мұғалімі.

Оқиға Ресейдің Сахалинск облысында болған. Кейіннен мұғаліммен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оқушы мен оның ата-анасынан кешірім сұрады. Бұл оқиға ата-аналар жиынында қаралатын болады. Облыстық прокуратура видео тараған соң істі тексеруге алды.

Желі қолданушылары мұғалімнің әрекетін сынға алды.

«Мұғалімнің өзінің есі дұрыс па, жыртық киім үшін сонша сөкені несі» деп жазды олар.