Түркістан облысында жоғалып табылған бойжеткеннің тойы өтпейтін болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Табылған қыз тойсыз қалды. Түркістан облысында осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен қос құрбы аман-есен үйіне оралса да, 15 желтоқсанға жоспарланған біреуінің үйлену тойы өтпейтін болды.
Себебі, жігіт жақтың ата-анасы оның үйден қашып, жоғалып кеткені үшін келін қылудан бас тартқан.
Айта кетейік, қос құрбының хабар-ошарсыз кеткенін қыздардың туыстары арнамызға хабарлаған еді. Ағасының айтуынша, олар Жамбыл облысының Отар стансасындағы әскери бөлімде жұмыс істеп жүріпті. Біздің арнадан көрсетілген материалдан кейін жұмыс беруші қос қыздың жақындарына олардың аман әрі жұмыс жасап жүргенін айтқан. Қыздар қылықтарын отбасылық ұрыс-керіспен байланыстырған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37