Алматыдағы Саясаттану институтына 60 жыл толды

Алматыдағы Саясаттану институтына 60 жыл толды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Саясаттану институтына 60 жыл толды.

Аталмыш мерейтойға орай өткен халықаралық конференция аясында отандық ғалымдармен бірге, шетелдік мамандар тарихи сананы жаңғырту мәселесін талқылады. Қазір білім ордасы саяси, мәдени және ғылыми жаңғыру аясында 9 жобаны іске асыруда. Оның 8-і гранттық болса, қалған 1-уі ғылыми бағдарлама. Ғалымдардың басты мақсаты – қоғамға пайдасы тиетіндей жұмыс атқару.

«Үш бірдей саланы қамтимыз. Философиялық, саясаттанулық және дінтанулық. Өйткені, қазір ғылым саласы білімді бөлек қарастырмайды. Өйткені, білімнің синтезденуі жүріп жатыр. Сондықтан біз үш саланы бірдей алып жүреміз. Бүгін 3 секцияға бөлініп, осы мәселелерді қарастырамыз. Ресей, Грузия сияқты шетелдерден көптеген мамандар келіп қатысып отыр», – деді Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары Серік НҰРМҰРАТОВ.




Новости партнеров