Ақмола облысында ер адам өз көлігінің астында қалып мерт болды

22.11.2018 22:29

Ақмола облысында 48 жастағы ер адам көлік астында қалып мерт болды, деп хабарлайды stan.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қараша күні Целиноград ауданын 48 жастағы ер адамды өз көлігі басып қалды.

Оқиға Софиевка ауылында болды. Көлік иесі ВАЗ-2114 көлігін көтегіш құралмен көтеріп, жөндеп жатқан. Құралы тайып кетіп ер адамды басып қалады. Ер адам сол жерде мерт болды.

Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.