Еліміздің солтүстік өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

01.11.2018 22:35

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы төрт күнге дауыл болатыны жайлы ескерту жарияланған, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

2 қарашада Астанада жел болады. Күндіз ауа температурасы 2 градус нөлден жоғары.

3 қарашада  Оңтүстік бастыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді. 3-4 қарашада мұзтайғақ болады.  

2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр болады деп күтіледі.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Петропавл қаласында 2 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 25 метр болады деп күтіледі. Көктайғақ болады.

2-4 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, күндіз 2 қарашада, түнде 3 қарашада екпіні секундына 25 метр күшейеді.

2 қарашада тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.