Бүгін республикадағы барлық Достық үйінде бірыңғай тақырыптық күн ұйымдастырылды. Қаузалған негізгі мәселе – мемлекеттік қызметкерлердің, ұстаздардың жалақысын арттыру, жастарға қолдау көрсету. Бұлардың барлығы Елбасы жолдауындағы айқындалған негізгі міндеттер.
«Президент жолдауында мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы заң қабылданатынын естіген кезде еліміздегі барлық мұғалім қуанып, өздерін қоярға жер таппаған шығар. Неге десеңіз, мұғалімнің мәртебесін көтеру арқылы мектептің ғана емес, Қазақстанның білім саласын жоғары деңгейге көтеруге болады», – деді А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия директоры Шавкет УМАРОВ.
Келер жылдан бастап 275 мың мемлекеттік қызметкер мен 1 млн 300 жалдамалы жұмысшы айлықтарының көбейгенін сезіне түсетін болады. Жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың салық жүктемесі 10,5 миллиард теңгеге төмендейді.