Елімізде күре жолдары айрықша нашар аймақтар аталды

Елімізде күре жолдары айрықша нашар аймақтар аталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы, Астана мен Атырау қаласында жолдардың жағдайы өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысындағы күре жолдардың жағдайы қиын.

«Қазжол» ғылыми зерттеу институты мамандарының мәліметінше, Қазақстандағы жергілікті маңызды жолдардың 40 пайызы талаптарға сай келсе, 30 пайызы қанағаттанарлық күйде, ал қалғанына күрделі жөндеу қажет.  

«Біздің пікірімізше, барлық назар жергілікті маңызы бар жолдарға беріліп жатыр. Ал тәуелсіздігімізді алғаннан бері жолдарымыздың жағдайы біршама жақсарды. Мен өзге мемлекеттеге барғандар арнайы көшелерін, жолдарын қараймын. Оларда біздегідей қарқын жоқ. Сонымен қатар, жолдардың пайдаланылуына да қыруар қаржы бөлініп жатыр. Сол себептен, жергілікті маңызы бар жолдармен салыстырғанда әлемдік рейтингке әсер ететін жолдарымыздың сапасы нашарлау болып тұр», – деді «ҚАЗЖОЛ» ҒЗИ» АҚ президенті Бағдат ТЕЛТАЕВ.  

Елдімекендердегі жолдардың инфрақұрылымын жақсарту Елбасы жолдауында да айқын көрсетілген. Биыл бұл мақсатқа 147 миллиард теңге бөлінсе, келер жылдан бастап 150 миллиард теңге жұмсалмақ.


Новости партнеров