«Қызметіне адал қарамайтын монополистер жауапкершілікке тартылуы тиіс». Мұны бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтты.
Президент тексеріс барысында энергия беретін компаниялар тарапынан халыққа келтірілген 14 млрд теңге сомасында шығын анықталғанын алға тартты. Тариф неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым отбасылық бюджетке жүктеме арта түсетінін ескерген Елбасы негізсіз бағаның көтерілуіне жол бермеу керек деп қадап айтты.
Президенттің қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысын «Алматы» телеарнасынан кешкі сағат 21:30-да көре аласыздар.