|
13.11.2018 | 17:54
2051

Шкарупа вице-министрлік қызметінен кеткісі келеді – Бозымбаев

Шкарупа вице-министрлік қызметінен кеткісі келеді – Бозымбаев

Шкарупа қызметінен кеткісі келеді. Журналистердің сауалына жауап берген еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев дәл осылай деді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны 215 миллион теңгені жымқырды деп айыптаған болатын. Қаражат 2015 жылы Қарағанды облысы Сарань қаласында есептеуіш құралдарын орнатуға бөлінген. Алайда, тексеріс нәтижесі аталған шаһарда орталықтандырылған жылу жүйесінің атымен жоқ екенін көрсетті. Қайрат Қожамжаровтың мәліметінше, 2015-2017 жылдары аралығында Анатолий Шкарупа Сарань қаласы әкімінің қызметінде болған.  

«Анатолий Валерьевич Шкарупа бізге жұмыс істеуге қазан айының ортасында келген. Қауіпсіздік кеңесінде бас прокурордан оның 2015 жылы әлденені дұрыс істемегенін білдім. Кеңес отырысы өткен күні оны Қарағанды облыстық прокуратурасына куәгер болу үшін шақыртты. Қазір біз оның министрліктегі жұмысы туралы мәселені шешіп жатырмыз. Өзі болса вице-министр ретіндегі қызметін тоқтатуды немесе өз еркімен жұмыстан кетуді қалап отыр. Шынымды айтсам, ол өте білікті маман. Бізге тарифтерді төмендету жұмысында көмектесер еді», – деді ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир