Алматыда кәсіподақ мүшелері Жолдауды талқылады

Алматыда кәсіподақ мүшелері Жолдауды талқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жастарға өнеркәсіп саласына қажетті мамандықты игеруге мүмкіндік беру - Үкіметтің басты міндеті». Президенттің биылғы жолдауда айтқан бұл сөзін алматылық жастар да қолдайды. Олар бұл бастама жастарға болашақта өз жолын табуға мүмкіндік береді деп сенеді.

Бүгін Алматыдағы Кәсіподақ федерациясында өткен конференцияда жолдаудың негізгі бағыттары талқыланды. Айта кетсек, 5 қазанда Елбасы жолдауында жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек екенін айтқан болатын. Сондай-ақ, Президент келер жылды Жастар жылы деп жариялады. Кәсіподақ мүшелері биылғы жолдау нақты тапсырмаларымен және оларды шешу жолдарымен ерекшеленді дейді.

«Біз жастар тарапынан Елбасының үлкен сенімін көріп отырмыз. Сонымен қатар, жастарға үлкен мүмкіндіктер ашылып жатыр. Қазіргі жастардың тұрғын үй мәселесі, шағын және орта бизнеске арналған несиелер, осының бәрі еліміз жағдайының жақсаруына әсер ететініне сенімдіміз», – деді «Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің өкілі Ержан БАЯНБАЕВ.  


Новости партнеров