Қарағандыда туыстары аяусыз ұрып-соққан төрт айлық сәби ауруханаға түсті

22.10.2018 22:55

Қарағандыда туыстары аяусыз ұрып-соққан төрт айлық сәби ауруханаға түсті, деп хабарлайды kyn.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің дүниеге келгеніне бар-жоғы 4 ай 20 күн болған. Бөбектің денесінен көптеген гематомалар байқалған.

«Біз болған жайт туралы полицияға хабар бердік. Сәбидің денесі түгелімен көгеріп қалған. Ол мұнда келгенде, мазасызданып, жылаумен болды. Оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр», — деді аурухана дәрігерлері.

Сондай-ақ, ақ халаттылар  сәбидің туыстарының бірі оның қатты жылағанын сылтау қылып, денесін шымшып келгенін айтады.

Қазір баланың туыстарымен полиция қызметкерлері жұмыс атқаруда.