Дизель отынының бағасы қымбаттаған жоқ, қоры да жеткілікті – министр

Дизель отынының бағасы қымбаттаған жоқ, қоры да жеткілікті – министр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энергетика министрі дизель отынының бағасы қымбаттады деген деректі жоққа шығарды. Жанар-жағармайдың бұл түрінің құны шамадан тыс шарықтап кетпеуін қаперде ұстап отырмын деді Қанат Бозымбаев.

Министрдің айтуынша, еліміздің жанармай құю бекеттерінде дизель отынының орташа бағасы 188-189 теңге шамасында. Ведомство басшысы оның қоры да алдағы уақытқа жеткілікті екенін алға тартты.

«Мүмкін, Астананың кей жерінде дизель бағасы қымбаттаған да шығар. Бірақ орташа есеппен алсақ, көтерме бағасы 188-189 теңге көлемінде. Мен күнделікті таңертең әр бекеттегі баға туралы ақпарат алып отырамын. Иә, кей жерде Ресейден әкелінген дизельдік отын бағасы сәл қамбаттау болуы мүмкін. Бірақ  Ресейге жақын аймақтарда ғана солай. Жалпы, бұл отын бойынша мәселе жоқ. Қор жеткілікті», – деді ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.


Новости партнеров