Алматы қаласының биылғы бюджеті 527 миллиард теңгені құрады

Алматы қаласының биылғы бюджеті 527 миллиард теңгені құрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

527 миллиард теңге. Бұл Алматы қаласының 2018 жылы қайта қаралған қаржысы. 1 қазандағы жағдай бойынша кіріс көлемі 422 миллиардтан асып жығылса, 367 миллиард теңге жұмсалған.

Қалалық қаржы басқармасының берген мәліметіне сәйкес, мемлекеттік сатып алуда тұралап қалған мәселелер жоқ. Тек бірнеше көшенің құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алу бойынша сот процестері жүріп жатқан көрінеді. Айта кетейік, қалалық мәслихаттың 25-ші сессиясында қабылданған Алматы бюджеті 2017 жылдың желтоқсанында 431 миллиард 200 миллион теңгені құраған болатын.  

«1 миллиард 400 миллион теңгені жұмсау бойынша аздаған кідірістер бар. Бұл қаржы жол айрықтары мен көшелерді ұзарту жұмыстары үшін қажетті жер учаскелерін мемлекет пайдасына қайтару үшін белгіленген. Сот процестері жүріп жатыр. Аталған соманы толықтай игеруіміз керек», – деді Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы Айнұр ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА.


Новости партнеров