Алматы әуежайында терорризмге қарсы оқу-жаттығу өтті. «Дабыл-Антитеррор-2018» деп аталатын шарада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық гвардияның арнайы жасақтары оқыс оқиғаға деген дайындықтарын пысықтады.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша лаңкестер Душанбеден келген ұшақты жаулап алады, әуежай аумағында терорризмнің қызыл деңгейі жарияланған. Әуе кемесінде 100-ге тарта жолаушы бар. Арнайы жасақ қызметкерлері әуе кемесіндегі кепілдікте отырған адамдарды құтқарып, содырларды ұстады. Операция кезінде зардап шеккендер жоқ.
Содан кейін жауынгерлер қоғамдық көлікті кепілдікке алған содырларды қолға түсірді. Артынша арнайы жасақ әуежай аумағында орналасқан әкімшілік ғимаратына бет алды. Ондағы бірнеше қылмыскерді матап, тапсырманы мүлтіксіз орындап шықты. Республикалық «Дабыл-антитеррор-2018» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы Алматы халықаралық әуежайында екі күн қатарынан өтті.